jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Тәртіп сақшылары үйсіз-күйсіздерді Қонаевқа апарып тастаған": Алматы полициясы желідегі жазбаға пікір білдірді

үйсіз-күйсіз жан
Ер адам. Көрнекі фото: Adrian Irago/Europa Press via Getty Images

Алматы полиция департаменті өкілдері "полиция қызметкерлері қаладағы үйсіз-күйсіз жандарды Қонаевқа апарып тастады" деген желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үйсіз-күйсіз жандардың қаладан шығарылғаны туралы ақпаратты Telegram-дағы "Письма президенту" арнасы жариялаған болатын.

"Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері күтпеген жерден ондаған баспанасыз адамды, соның ішінде мүгедектер арбасына таңылғандарды да Қонаев қаласына апарып, көшеге тастап кеткен", - делінген жазбада.

Ал Алматы полициясы бұл оқиғаға қатысты қазір тексеру жұмысы жүріп жатқанын айтып, ақпаратқа түсінік берді.

"Сондай-ақ профилактикалық, оның ішінде тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар әлеуметтік-медициналық қызметтермен бірлесе отырып, тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің барлық іс-қимылы қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі", - деп хабарлады қалалық полиция департаментіндегілер.

"Тәртіп сақшылары үйсіз-күйсіздерді Қонаевқа апарып тастаған": Алматы полициясы желідегі жазбаға пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.