jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақтөбеде қызғалдақпен фотоға түскен әкімнің басы дауға қалды

Бір шоқ қызғалдақ гүлдері. Көрнекі сурет
Бір шоқ қызғалдақ гүлдері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазіргі таңда бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, әкімнің әрекетіне құқықтық баға берілмек. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаеваның қызғалдақ ұстап түскен суреті әлеуметтік желіде таралып, қоғам назарын аударды, деп жазады Elordainfo.kz.

Облыстық полиция департаменті фотодағы гүлдің сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген түрге жататынын немесе жатпайтынын анықтап жатыр. Бұл туралы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов мәлімдеді.

"Тиісті тексеру жүргізіліп жатыр. Егер гүлдің қорғалатын түр екені расталса, әкімнің әрекетіне заң аясында баға беріледі", – деді ол.

Ал Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетовтің айтуынша, оқиғаға байланысты аудандық деңгейде арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталған.

"Комиссия құрамында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері бар. Ләззат Бердібаева қызғалдақты қызының әкелгенін, өзі тек суретке түсіп, оны WhatsApp статусы ретінде жариялағанын айтып отыр. Бұл мәліметтер толық зерттеледі", – деді аудан әкімі.

Қазір комиссия өз жұмысын жүргізіп жатыр. Қорытындысы бойынша ғана қандай да бір шешім қабылданады.

Ақтөбеде қызғалдақпен фотоға түскен әкімнің басы дауға қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.