jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы облысында ауданның экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды

Бағдат Қарасаев
Бағдат Қарасаев. Фото: instagram.com/bagdat.karasaev

Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы ақпарат агенттігіне Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Б.Ә. Қарасаевқа қатысты және Қылмыстық кодекстің 189, 190, 324, 361, 362, 364, 369 баптары бойынша басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаймыз. 2025 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 305-бабының тәртібімен мәні бойынша қарау үшін Алматы облысы Іле аудандық сотына жолданды", - делінген облыстық прокуратураның агенттік сауалына берген жауабында.

Еске сала кетейік, Бағдат Қарасаев 2024 жылы қыркүйекте ұсталғаны туралы хабарланды.

Кейін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуына қатысты мән-жайды баяндады.

Алматы облысында ауданның экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.