jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Су тасқыны: СҚО-да тұтас бір ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр (видео)

Бөгетті нығайту жұмыстары
Бөгетті нығайту жұмыстары. Фото: t.me/skoakimdik

СҚО Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне орай эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 25 сәуір сағат 14:00-дегі жағдай бойынша өзендегі су бірнеше сантиметрге дейін көтерілген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды. Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге қосымша ақпарат алғысы келетіндер +7 7153 821 201 нөміріне хабарласуына болады. Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер әзірленген.

Олар - Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайындағы жатақхана.

"Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Барша тұрғынды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырамыз. Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Су тасқыны: СҚО-да тұтас бір ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.