jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл": сенбі күні ел өңірлерінде ауа райы қандай болады

Қала үстіндегі найзағай бұлттары
Көрнекі фото: depositphotos.com

Синоптиктер ертең, 26 сәуірде еліміздің бірнеше өңір тұрғындарына ескерту жасады. Кей облыстарда бұршақ түсіп, қатты жауын-шашын болады. Ал кей өңірде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, деп жазады "Қазгидромет".

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 26 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, түнде екпіні 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18, облыстың шығысында 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қ.: 26 сәуірде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 26 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қ.: 26 сәуірде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде батысында, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

"Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл": сенбі күні ел өңірлерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.