jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

Теледидар пульті. Көрнекі сурет
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Қазақстанда 30 сәуірде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен, телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

30 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Компания өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.