jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Күмәнді мәміле": "Ақтөбе" футбол клубында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Футбол ойнап жатқан спортшылар
Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com

"Ақтөбе" футбол клубына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша "Ақтөбе" футбол клубының қызметі тексерілген.

"250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау. Сондай-ақ ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданған.

Хабарламада істердің тергелу барысы облыс прокуратурасының бақылауында екені айтылған.

"Күмәнді мәміле": "Ақтөбе" футбол клубында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.