jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Бірлік жүгірісі - 2025" республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты

Бірлік жүгірісі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бірлік жүгірісі" марафоны Жамбыл облысының барлық өңірінде бір мезетте өтті.

Облыс орталығы – Тараз қаласында өткен марафонда мәреден сөреге дейін табандылық танытып, сүрінбей жеткендер арасында жас ерекшелігіне қарай 16 санат бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды.

Бірлік жүгірісі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған Тараз қаласы әкімінің орынбасыры Ұлана Сламбекқызы ынтымағы жарасқан елдің тату-тәтті өмір салтының көрінісіне айналған айтулы мерекенің мән-маңызына кеңірек тоқталып, барша әлемге спорт саңлақтарымен танылған шаhар тұрғындарына шараға атсалысқандары үшін азаматтық алғысын білдірді.

Бірлік жүгірісі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға айрықша атмосфера сыйлайтын концерттік бағдарлама қамтылып, қатысушылар кәсіби мамандардан арнайы кеңес алуға мүмкіндік алды.

Бірлік жүгірісі
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын берік ұстануға үндейтін марафонда жеңіл атлетика спорт түрлерінен де жасөспірімдер арасында жарыс ұйымдастырылды.

"Бірлік жүгірісі - 2025" республикалық шарасына жамбылдықтар белсенді атсалысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.