jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Каспий жағалауында ондаған итбалықтың өлексесі табылды (фото)

Итбалық
Итбалық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Каспий жағалауынан жаппай қырылған итбалық өлекселері табылды. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 29 сәуірде Жайық-Каспий өңіраралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауында жүргізілген мониторинг барысында жағалауда жатқан 88 итбалық өлексесін анықтады. Табылған жеріне инспекцияның, әкімдіктің және Гидробиология және экология институтының өкілдері барды.

Қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылғаны туралы факт Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

"Қазгидромет" РМК дерегінше, өткен кезеңде облыс суларында батыстан соққан желдің күші басым болып, өлген итбалықтардың өлексесін жағаға шығарып тастаған. 

Ғылыми ұйымның (Гидробиология және экология институты) мәліметі бойынша жануар өлекселерінің бұзылып, шіруге жақындағанына байланысты одан әрі зертханалық зерттеулер, соның ішінде токсикологиялық және патологиялық талдау үшін жоғары сапалы сынама алуға мүмкіндік жоқ. 

Мамандар итбалықтар 2-3 апта бұрын қырылған деп болжап отыр. Осыған байланысты су жануарларының өлімінің себебін анықтау қиынға соққан. 

Түпқараған аудандық полигонында жергілікті атқарушы орган мен инспекция санитарлық нормаларды сақтай отырып өлекселерді жинау, тасымалдау және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізді. Каспий теңізінің жағалау сызығының мониторингі жалғасып жатыр.

Итбалықтардың қырылуына қатысты жағдай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында.

Каспий жағалауында ондаған итбалықтың өлексесі табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.