Зектілері

Батыс Қазақстанда қуаты 12 мегаватт болатын жаңа жылу электр турбинасы іске қосылды

Жарияланған күні:

БҚО-жа жаңа жылу трибунасы іске қосылды
БҚО-жа жаңа жылу трибунасы іске қосылды. Фото: БҚО әкімдігі

Орал қаласындағы жылу электр орталығында- қуаты 12 мегаватт болатын жаңа №1 турбина іске қосылды. Осы турбинаның 100 пайыз тозығы жетіп, 10 жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған болатын. Нәтижесінде ескі турбинаның орнына 3,2 миллиард теңгеге жаңа турбина сатып алынып, пайдалануға берілді.

Жаңа турбинаның іске қосылуы өз кезегінде энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жылу электр орталығындағы өндіріс 46 МВт-ты құрайды. Жаңа турбинаның арқасында өндірілетін электр энергиясының қуаты 12 МВт-қа артады.

БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды
БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды: БҚО әкімдігі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі екенін атап өткен болатын. Облысымызда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артуда. Соңғы 10 жыл ішінде электр қуатын тұтыну көлемі 30 пайызға өсті. Бұл өз кезегінде энергия қуаттылығын арттыруды қажет етеді. Бүгінгі іске қосқан жаңа турбина тұрғындарымызға берілетін электр энергиясының мөлшерін арттыруға ықпал етеді",- деді Нариман Төреғалиұлы.

БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды
БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды: БҚО әкімдігі

Айта кету керек, соңғы екі жылдың өзінде жылу-энергетика саласын жаңғырту мақсатында бюджеттен 15,6 миллиард теңге көлемінде қаржы бағытталған.

Соның нәтижесінде бірқатар маңызды жобалар іске қосылды. Атап айтқанда: насостық стансадағы тарату құрылғысы, градирня, жаңа қазандық, №2 және №5 жылу магистралін қайта жаңғырту, сондай-ақ Зашаған кентіндегі жаңа қазандықтың құрылысы.

БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды
БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды: БҚО әкімдігі

Сонымен қатар Жапонияның әйгілі Hitachi турбинасына жөндеу жұмыстары басталды. Бұл – екіжақты келіссөздердің оң нәтижесі. 2035 жылға дейінгі аралықты қамтитын, 32 жобадан тұратын жол картасы бекітілген болатын. Онда: қысқа мерзімді — жалпы құны 33,9 млрд теңгеге 6 жоба; орта мерзімді — 117,7 млрд теңгеге 12 жоба; ұзақ мерзімді — 135,1 млрд теңгеге 13 жоба қарастырылған.

БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды
БҚО-да жаңа жылу трибунасы іске қосылды: БҚО әкімдігі

Қазіргі таңда қысқа мерзімде іске асырылуы тиіс жобалар дайын. Олар: Орал қаласы мен Зашаған кентіндегі №1 және №2 қазандықтардың жылу желілерін жаңарту, 6 және 7-жылу магистралдерін қайта құру, Құрылысшы және Солтүстік-Шығыс шағынаудандарындағы ішкі жылу желілерін ауыстыру жобалары.

Сондай-ақ жылу электр орталығындағы №3 турбоагрегат, үш жылу магистралі мен үш энергетикалық қазандықты жаңарту жобалары да әзірленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2241534-batys-qazaqstanda-quaty-12-megavatt-bolatyn-zhanga-zhylu-elektr-turbinasy-iske-qosyldy/