jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыда жауған нөсер жаңбыр салдарынан қалада 9 балдық кептеліс пайда болды

жаңбыр
Көрнекі фото: hyser.com.ua

Бүгін Алматыда бұршақ жауып, артынша нөсер жаңбыр шелектеп құйды. Жаңбыр салдарынан қала көшелерінде 9 балдық кептеліс пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде қаладағы нөсер жауынның видеоларын жарыса жазып жатыр. Бұршақтан кейін найзағай ойнап, жаңбыр шелектеп құя бастаған.

Almaty Today жазуынша, көп ауданда найзағай ойнаған.

Сонымен бірге желі қолданушылары күндіз қалада күн ашық болғанын, ал күндіз кенеттен жаңбыр басталғанын жазған.

2GIS қолданбасындағы кептеліс деңгейі
2GIS қолданбасындағы кептеліс деңгейі. Скрин: 2gis.kz

2GIS деректері бойынша, кешкі сағат алтыларда Алматыда 9 балдық кептелістер пайда болған. Қаладағы ондаған көшеде кептеліс болған. Одан бөлек көлік жүргізушілері шамамен 10 жерде жол-көлік апаттары болғанын да атап өткен.

Алматыда жауған нөсер жаңбыр салдарынан қалада 9 балдық кептеліс пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.