Шерзат Болат ісі: сотта дүкендегі бейнебақылау камерасына жазылған видео қаралды
Жарияланған күні:

Талғардағы Менделеев көшесі 13 үй мекенжайында орналасқан "Қамажай" дүкенінде 2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған түні бейнебақылау камерасына жазылған видео сотта қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Нақтырақ айтқанда, сотта көрсетілген бірінші видеода сотталушы Дархан Әскентай дүкенге келген уақыттан бастап үзінді көрсетілді. Бұл сағат 23:42 шамасы болған. 23:53-те дүкенге Шерзат Болат келеді.
00:12-ден бастап кадрларда Дархан Әскентай, Шерзат Болат пен Қаржаубай Нұрымов пайда болады.
Айта кетерлігі, Жоғарғы соттың Youtube-арнасындағы тікелей эфирде кей кадрлар алыстан көрсетілді. Кадрлардың бірінде соққыдан кейін еңкейіп тұрған Дархан Әскентайды көруге болады. Ол сол сәтте әлдебіреумен телефонмен сөйлесіп тұрған.
Сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов сотталушы Әскентайдан кіммен сөйлескенін сұрады.
"Мен бауырым Бекнұрмен сөйлесіп, телефон шұқып тұрғанмын", - деп жауап берді сотталушы.
Кейін Қаржаубай оған бетін жуу үшін су құйып тұрған сәт көрсетілді.
Прокурор сағат 00:14-те Дархан Әскентайдың дүкен ауласынан кетіп қалғанына сот назарын аудартады.
Жеті минуттан соң, сағат 00:21-де Әскентай қайтадан дүкенге келеді. Сағат 00:26-да Golf автокөлігімен сотталушы Ы. мен Тоқтаубаев Нұрбол келді.
Әрі қарай сот залында бейнежазбадағы кадрларға түскен адамдардың әрекетіне комментарий берілмеді. Тек сағат 00:33 шамасында прокурор жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың сөзіне сілтеме жасап, түсінік берді.
"00:33:44-те жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, осы жерде олар келісіп, қол алысып, сотталушы Тоқтаубаев Нұрбол, Әскентай және Ы. кетіп қалған болатын. Алайда төрт минуттан кейін олар қайтып келген", - деді прокурор.
Сағат 00:39 -да Тоқтаубаев Нұрбол Нұрқанат Ғайыпбаевты шетке алып сөйлесіп жатыр.
Артынша автокөліктен сотталушы, кәмелетке толмаған Ы. шығып, Нұрбол Тоқтаубаевтың жанына барды. Кейін көлігіне барып отырды.
00:41 де автокөліктің қасына барып, Ы.-мен сөйлесіп тұр.
00:42-де Нұрымов дүкеннен шығып, Ғайыпбаев пен Тоқтаубаевтың қасына барды. Кейін дүкенге кіріп кетті.
Содан кейін Ғайыпбаев пен Тоқтаубаев дүкеннің бұрышына қарай жылжыды.
00:43-те Нұрымов пен Нұрбол Тоқтаубаев шықты. Кейін Нұрымов дүкенге кіріп шықты.
00:44-те Нұрқанат Ғайыпбаев телефон ұстап бөлек тұр, Нұрбол Тоқтаубаев, Әскентай, Нұрымов сөйлесіп тұр.
00: 46-да Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзатқа бірнәрсе береді, ол кетіп қалады.
00:46 Нұрымов дүкенге кіреді, артынан Дархан Әскентай кіреді.
00:47-де Әскентай дүкеннен шығады.
00:49 Қаржаубай Нұрымов та дүкеннен шықты.
Содан кейін бірнеше минут өткен, бірақ сотталушылар әлі де дүкен алдында жүрген.
Осы ретте жәбірленуші тараптың қорғаушысы сотталушы Әскентайдан осы уақытта кімді күтіп тұрғанын сұрады.
"Біз ешкімді күтіп тұрған жоқпыз", - деп жауап берді Әскентай.
Сот одан сұрақты нақтылап: "Шамамен бірнеше уақыт өтті, ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ, неге жүрсіздер ол жерде? Неге кетпей жүрсіздер?", - деп сұрады.
"Сол кететін уақыт қой, бұл жерде сөйлесуге, Шерзаттан не үшін ұрғанын сұрау үшін тұрғанбыз", - деп жауап берді Әскентай.
"Шерзат жоқ қой ол жерде", - деді сот.
"Соны күтіп тұрдық, ол жоқ қой ол жерде", - деді сотталушы Әскентай.
00:50-де кәмелетке толмаған сотталушы Ы. Нұрымовтың қасына келіп сөйлесіп тұрған.
00:51-де бәрі бірге тұр сөйлесіп, Шерзат бұл кезде болмаған.
00:54-те Шерзаттың достары келеді.
00:56-да Нұрымов дүкеннен шығады.
00:56 Elantra-мен сотталушы Қалиахмет, куәлер Әбдіқадыр, Мұратов келеді.
Бірінші Қалиахмет Ғайыпбаевпен амандасады. Санат Әбдіқадыр Ғайыпбаевпен сөйлесіп тұрады. Жастарын сұрасады. Содан кейін Әбдіқадыр, Мұратов, Қалиахмет дүкенде болады.
Сол кезде Mercedes-пен қалған сотталушылар келеді.
00:58 - де олар бәрімен амандасады. Тоқтаубаев Азамат, Белғожаев Шыңғыс, артынан Сәкиев Равиль.
Әскентай Белғожаевпен құшақтасып амандасады. Содан кейін екі куә Жақсыкелді мен Нұрбекова келді.
Оң жағына қарай Сәкиев Ғайыпбаевты сөйлесуге алып кетеді.
Дүкенге Тоқтаубаев Азамат пен екі әйел кіреді.
"Осы кезде төбелес басталады", - деді прокурор.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242629-sherzat-bolat-isi-sotta-dukendegi-beinebaqylau-kamerasyna-zhazylgan-video-qaraldy/