Әскери парадты терезеден видеоға түсірмек болған астаналық тұрғынға күтпеген жерден дрон ұшып келді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде әскери шеруді терезеден видеоға түсіргісі келген Астана тұрғынының бейнежазбасы жарияланды. Көпқабатты тұрғын үйдің тұсына ұшып келген дрон қауіпсіздік мақсатында астаналық әйелге терезеден әрі кетуді "өтінген", деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Instagram желісіндегі Astanovka98 парақшасында жарияланды. Видеоны астаналық тұрғын дрон пәтерінің терезесіне жақындаған сәтте түсіріп алған.
Кадрдан: "Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздік мақсатында терезені жауып, одан әрірек кетуіңізді сұраймыз", - деген хабарлама естіліп тұр.
Бейнежазба қазақстандықтарды елең еткізді, тіпті таңқалып, аталған "ескертуді" сынағандар да табылды.
"Керемет. Фантастикалық фильмдегідей", "Сондай сүйкімді, сондай сыпайы", "Өз терезеңнен сыртқа қарай алмайтын жағдайға жеттік", "Қарапайым қауіпсіздік шарасы", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Еске салайық, бүгін Қазақстанның бас қаласындағы "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери парад өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242830-askeri-paradty-terezeden-videoga-tusirmek-bolgan-astanalyq-turgynga-kutpegen-zherden-dron-ushyp-keldi-video/