jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына Қазақстан Қарулы күштерінің қай бригадасы қатысады (видео)

Қызыл алаңдағы қазақстандық десантшылар
Қызыл алаңдағы қазақстандық десантшылар. Видеодан кадр: instagram/modgovkz

Бүгін Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін Жеңіс парадына Қазақстан Қарулы күштерінің атынан Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіретін және тұрақты жауынгерлік әзірліктегі әскери құрамасы – Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының есептобы Жеңіс парадына Қазақстан армиясының атынан қатысады", - деп хабардар еткен еді Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Сондай-ақ министрлік Қызыл алаңда әскери шеруге дайындалып жатқан қазақстандық десантшылардың видеосын жариялаған болатын.

Айта кетейік, 8 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.

Сапар аясында мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен, Венесуэла президенті Николас Мадуромен және Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесу өткізді.

Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына Қазақстан Қарулы күштерінің қай бригадасы қатысады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.