Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды (фото, видео)
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, президент бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Парадқа Қазақстан Қарулы күштері құрамында және басқа да құрылымдарда қызмет ететін 4 мыңнан аса адам қатысты. Сондай-ақ 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшағы көрсетілді.
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам құрметті қонақ ретінде қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2243109-toqaev-uly-zhengisting-80-zhyldygyna-arnalgan-is-sharalarga-qatysu-ushin-reseige-bardy/