jitsu gif

Желіде аянышты күйдегі Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінің суреті жарияланды

Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші
Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші. Фото: instagram.com/asshot.inc

Журналист Асхат Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішінің тозығы жетіп, аянышты күйде тұрғанын көрсетті. Ақмола облысының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналист Асхат Ниязов түсірген суретте ескерткіштің әбден тозығы жетіп, бояуы кеткенін және халық қаһарманының есімі жазылған тақтадағы әріптер өшкенін байқауға болады.

"Қошқарбаев атындағы ауылда Қошқарбаевқа арналған ескерткіш. Елордадан небәрі 20 шақырым жерде", - деп жазды журналист.

Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші
Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші. Стористен скриншот: instagram.com/asshot.inc

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ескерткіштің күйіне қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Ақмола облысы Целиноград аудандық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, Рақымжан Қошқарбаев атындағы ауылдағы жалпы білім беретін мектеп ауласында Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевқа ескерткіш орнатылды. 2024 жылдың мамырында демеушілердің қаражатымен ескерткіш толығымен қалпына келтіріліп, Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай орнатылды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Баспасөз қызметіндегілер биыл ауа-райы мен температураның бір түсіп, бір көтерілуіне байланысты ескерткіштің бояуы кете бастағанын айтады.

"Бүгінгі таңда ескерткіш қалпына келтіру жұмыстарына орай бөлшектелген, жөндеу жұмыстары аяқталған соң қайта орнатылады", - деп атап өтті облыс әкімдігі өкілі.

ЕЭК сайтының мәліметінше, Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауданында дүниеге келген.

1945 жылы 30 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа басып кіріп, Жеңіс туын көтерді. Ерлігі үшін 1945 жылы Қызыл Ту, 1985 жылы 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

1999 жылы 7 мамырда Қошқарбаевқа қайтыс болғаннан кейін Халық Қаһарманы жоғары атағы берілді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.