jitsu gif

"Ортақ шешімге келдік": ҚМБД ас берудің тәртібі мен мәзірін бекітті

Дастархан
Дастархан. Иллюстративное фото: gov.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еске алу рәсімі кезінде дастарханды жайнатып, жеміс-жидек, тәттілер қойып ысырапшылдыққа бой алдыратындарға тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанада өткен VІ республикалық имамдар форумында ас берудің тәртібі мен мәзірі бекітілді. Құжатта алты түрлі тағамның түрі жазылған. Олар нан өнімдері, шәй-су, ыстық тағам, тары-талқан, сары май, қант-кәмпит. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "бұл ұсыныс, ешкімді міндеттемейміз" дейді. Жиынға жиналған имамдар құжатты халыққа кеңінен насихаттайтын болады.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құжатты қабылдардың алдын республикадағы имамдардан ұсыныс алынды. Жергілікті халық әртүрлі пікір айтады. Имамдардың ұсыныстарын ескере келе, ортақ шешімге келдік", – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.