jitsu gif

Шерзат Болат ісі: судья желіде сот процесіне қатысты жеке пікірін білдірген блогерлерге ескерту жасады

Ержан Жанұзақос
Сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов. Фото: Telegram/Жоғарғы сот

Бүгін, 15 мамырда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында судья Ержан Жанұзақов желіде іске мүлде қатысы жоқ блогерлер мен басқа да азаматтардың сот талқылауы барысына қатысты жеке пікірі тарап жатқанын айтып, оларға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әлеуметтік желіде іске мүлде қатысы жоқ блогерлер мен басқа да азаматтар тергеу әрекеттері мен сот талқылауы барысына қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беріп жатыр.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейтінін, және ол үшін заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.

Іс қаралып бітіп, үкім шығып, ол заңды күшіне енгенге дейін сот процесін түсіндіруге, әсіресе оған құқықтық баға беруге жол берілмейді.

Сот іс бойынша барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге, айыптау мен қорғау тараптарының дәлелдерін тексеруге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз әрі объективті болуға, істі нәтижесіне жеке мүдделілігі болмауға және мүдделі тараптардың ықпалына түспеуге тиіс. Сот тек заңға сүйене отырып, бейтарап төреші ретінде әрекет етеді. Қазіргі уақытта іс сот тергеуі сатысында.

Қорытынды үкім әлі шығарылған жоқ. Сот шешімді тек қана объективті, даусыз дәлелдер негізінде қабылдайды. Үкім шыққанға дейін сотқа қысым жасауға, негізсіз және дәлелсіз сын айтуға жол берілмейді. Іске қатысты субъективті пікір таратуға жол берілмейді. Бұл кейбір жағдайларда сотқа қысым жасау әрекеті ретінде бағалануы мүмкін.

Сот жүйесіне құрмет көрсету және сотқа деген сенім құқықтық мемлекет пен әділ сот төрелігі болып саналады. Осыған байланысты блогерлер мен басқа да желі қолданушыларына арандатушылық сипаттағы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз", - деді судья.

Ержан Жанұзақов сот процесі ашық түрде өтіп жатқанын және сот объективті әрі негізделген үкім шығаратынына кепілдік беретінін айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.