jitsu gif

Желіде Шерзат Болат ісі бойынша сотталушы Әскентайдың бет-жүзі тарады: қорғаушысы наразылық білдірді

Сот залы
Сот залынан фото: Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасы

Бүгін, 15 мамырдағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентайдың адвокаты қорғауындағы сотталушының бет-жүзі желіде тарауына байланысты сотқа өтінішхат білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сот отырысы басталмай тұрып, сіз БАҚ өкілдеріне сотталушыларды түсірмеу керек екенін ескерткенсіз. Алайда қорғауымдағы Дархан Әскентайдың бет-бейнесі желіге тарап, көптеген жағымсыз пікір жазылып жатыр. Тергеу кезіндегі жауап алу бейнежазбасында Дархан Әскентайдың бет-әлпеті көлегейленбей, бүкіл қазақ халқына көрсетілді. Соны назарыңызға алуды, қарама-қарсы отырған видеооператорға ескерту жасауыңызды сұраймын", - деді сотталушының қорғаушысы.

Судья бұған қатысты түсінік берді.

"Мен сізге түсіндіріп өтейін, ол былай – алдын ала сот тыңдауында бұл сұрақ қойылған. Сотталушылардан : "Қайсыңды бейнежазбаға түсіруге, көрсетуге болады?" деп сұралды.

Сол кезде төрт сотталушы ғана "Бізді көрсетпеуіңізді сұраймыз деп" айтты. Қалған сотталушылар, соның ішінде Әскентай бет-жүзін көрсетуге қарсылық білдірмеген. Сондықтан сот сол сот тергеуі кезіндегі бейнежазбаларды, яғни, қарсылық білдірген сотталушылардың қатысуынсыз жүргізілген бейнежазбаларды көрсетуге шешім қабылдады", - деп түсіндірді судья Ержан Жанұзақов.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.