jitsu gif

Алматы коммуналдық қызметтері күннің күрт бұзылуына байланысты күшейтілген режимге көшті

Коммуналдық қызмет
Коммуналдық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауыстырылды, деп хабарлайды kazinform.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 13:00-ден бастап тәулік соңына дейін найзағай ойнап, қатты нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.

Жауын-шашын мөлшері 20 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен соғып, найзағай кезінде екпіні 18–23 м/с дейін жетеді.

19 мамырда да ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде сағат 05:00-ге дейін жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +20+22°С. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с.

"Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылды. Түнгі уақытта 366 арнайы техника 355 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Ал 18 мамыр күндіз су басудың алдын алу және жою үшін 515 техника, 27 мотопомпа және 755 жұмысшы қала көшелеріне шығады. Сонымен қатар, мотопомпалармен жабдықталған 42 жедел бригада дайындық режимінде жұмыс істейді", – деп хабарлады әкімдіктен.

Арық желілері мен жауын суын қабылдайтын жеррлерді тазалау және бақылау жұмыстары ерекше бақылауға алынады.

Қаладағы проблемалық учаскелерде тәулік бойы тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Алматы қаласы құтқару қызметі тарапынан 15 техника мен 50 қызметкер, ал ТЖД-дан 55 техника 245 маман жұмылдырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.