jitsu gif

Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы қаншаға өседі

Аудиторияда отырған студент қыздар
Студенттер. Иллюстрациялық фото: Supersizer/Getty Images

1 қыркүйектен бастап қазақстандық студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі. Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі үкімет отырысында Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Оның айтуынша, кейінгі 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өскен. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінген.

"Сонымен қатар биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының мөлшері өседі. Бакалавриатта стипендия мөлшері 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге, ал докторантурада 262 500 теңге болмақ.

Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", - деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ауыл мектебінің оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинағанын жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.