Алматыдағы Арбатта би билеп, ел назарын аударған қыздар полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда Арбатта High Heels биін билеген қыздар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қыздарды төрт сағаттан кейін босатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматыда бір топ қыз High Heels биледі. Видеоны Дильназ Ғалымжанова Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Кадрлардан қысқа белдемше киген қыздардың билеп тұрғанын және оны тамашалаған адамдар тобын аңғаруға болады.
Дильназ Ғалымжанованың айтуынша, оларды полиция осы биді билегені үшін ұстаған.
"Бізді полиция бөлімшесінде төрт сағат бойы отыруға мәжбүр еткен осы видео. Видеода бұрыннан менімен келе жатқан оқушыларым және осы ессіз идеяны қолдаған қыздар. Бұл үшін үлкен батылдық қажет. Біз қандай хейтке ұшырайтынымызды және оның салдары туралы білдік", - деп жазды Ғалымжанова.
NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, бұл жайтқа қатысты пікір сұрады.
"Осы оқиғаға байланысты стационарлық бекетте тұрған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау мақсатында қатысушыларды Алмалы аудандық полиция бөліміне шақырды.
Бөлімшеде оларға қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және қоғамдық орында кез келген іс-шараны өткізу кезінде белгіленген тәртіпті сақтау туралы профилактикалық әңгіме және түсіндірме жүргізілді. Түсіндіру жұмысынан кейін барлық қатысушы босатылды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2246970-almatydagy-arbatta-bi-bilep-el-nazaryn-audargan-qyzdar-politsiia-bolimshesinen-bir-aq-shyqty-video/