"Заңсыз жалға пайдалануға берген": Алматыдағы танымал университеттің жатақханасы қайтарылды
Опубликовано:

Алматыда Түрксіб ауданының прокуратурасы Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханасын ұлттық университетке қайтарды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Түрксіб ауданының прокуратурасы "Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ мүлкі заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған.
"Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 шаршы метрден астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануға берген.
Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған.
Бүгінгі таңда әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға берілуде.
Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды", - делінген хабарламада.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247309-zheke-zhoo-ga-zangsyz-zhalga-paidalanuyna-bergen-almatydagy-tanymal-universitetting-zhataqhanasy-qaitardy/