Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция
Опубликовано:

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасады. 21 мамырда іс бойынша барлық айыпталушыдан жауап алынды, енді қылмыстық іс құжаттары зерттеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 2025 жылдың 22 мамырында сағат 10:00-де сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр.
- Шынасыл Абзал Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтарымен, 293-бабының 3-бөлігімен;
- Сакиев Равиль Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 7), 9) тармақтарымен, 293-бабының 3-бөлігімен;
- Тоқтаубаев Азамат Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен және 188-бабының 1-бөлігімен;
- Әскентай Дархан, Белғожаев Шыңғыс, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Қалиахмет Д. — Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен;
- Кәмелетке толмаған Ы. 434-бап бойынша.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247618-sherzat-bolattyng-olimine-qatysty-is-boiynsha-ashyq-sot-otyrysy-onlain-transliatsiia/