6 пайыз мөлшерлемемен баспана алуға болады: СҚО-да жастар үшін арнайы ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ
Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында 35 жасқа дейінге жастарға 6 пайыз мөлшерлемемен баспана ала алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, "Қызылжар жастары" жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысу үшін 26 мамырдан 11 маусымға дейінгі аралықта өтінім беріп үлгеру қажет.
"Бағдарлама "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі бар салынып жатқан объектілерде, облыс аудандары пен Петропавл қаласында "Отбасы банк" арқылы бастапқы/қайталама нарықта пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары сомасы –Петропавлда 15 млн теңге, облыс аудандарында 10 млн теңге, бастапқы жарна – 10 пайыз, қарыз бойынша мөлшерлеме –жылдық 6 пайыз, кредиттеу мерзімі 19 жылға дейін болады", - дейді "Отбасы банк" облысық филиалының директоры Нұржан Алибеков.
Бағдарламаға денсаулық сақтау, ветеринария, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, энергетикалық сала қызметкерлері, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, теологтар қатыса алады.
"Бағдарлама талаптарына тоқталар болсам, СҚО қалалары мен аудандарының 35 жасқа дейінгі жас мамандары өтінім бере алады. Олардың соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы шарт. Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде атында баспана болмауы тиіс. Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, жасына қарай үлкен қатысушыға басымдық беріледі", - дейді филиал басшысы.
СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспановтың айтуынша, алғаш рет жүзеге асқалы отырған "Қызылжар жастары" ипотекалық бағдарламасы 2029 жылға дейін шақталған.
Балдық жүйе бойынша үміткерлер анықталады, қатысушының әлеуметтік мәртебесі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы және кәсіби тәжірибесі ескеріледі.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247657-sqo-da-zhastar-6-paiyz-molsherlememen-baspana-ala-alady/