Шымкенттік оқушы қыз автоматты 9 секундта жинап, рекорд орнатты
Опубликовано:

"Жас сақшы" сыныбының оқушысы автомат құрастырудан рекорд орнатты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Шымкент полиция департаментінде өткен автоматты бөлшектеу және қайта жинау жарысында 9-сынып оқушысы Гүлсезім Есей бірінші орын алған.
Ол АК-74 автоматын небәрі 8 секундта бөлшектеп, 9 секундта қайта жинап, рекорд орнатқан.
Гүлсезім бұл жарыста өзінің тәлімгері, арнайы дайындық басқармасының қызметкері, Еділхан Әкімбековті басып озған.
"Заң және Тәртіп" қағидатын нығайту мақсатында "Жас сақшы" жобасы аясында оқушыларға саптық және тактикалық дайындық бойынша білім беріледі. Бүгінде Гүлсезім – өз қатарластарына үлгі, ал болашақта өзі де тәлімгер атануы әбден мүмкін", - делінген хабарламада.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2247807-shymkenttik-oqushy-qyz-avtomatty-9-sekundta-zhinap-rekord-ornatty-video/