jitsu gif

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Диас Ахметшәріп
Диас Ахметшәріп. Фото: qazaqstan.tv

Белгілі қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасының Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Ол Qazsport телеарнасының тұңғыш директоры болды.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Qazaqstan телеарнасы мен "Хабар" агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды.

Корпорация ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телеарнасында спорт журналисі;

Qazsport мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;

2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 - 2012 жж.– "Астана-СК" корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Еске салайық, мамыр айының басында Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түскенін жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.