jitsu gif

Түркістан облысында қауын пісті

піскен қауын
Піскен қауын. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын пісті. Биыл бақша дақылы жылдағыдан сәл ерте піскен. Шаруалар өнімдерін шет мемлекетке экспорттауды бастап кеткен, деп хабарлайды Түркістан облыстық әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Жетісай ауданының шаруалары биыл 79,3 мың гектар суармалы жердің 43 мың гектарына мақта шитін сепсе, 16,7 мың гектар жерге бақша, 7,5 мың жерге дәндік жүгері, 3,6 мың га жерге көкөніс пен 6,7 мың гектар алқапқа малазық дақылдарын еккен. Бүгінде көкөніс дақылдарынан 36 мың тонна өнім жиналған.

піскен қауындар
Піскен қауындар. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Одан бөлек, егістік алқаптарда егілген қауын дақылдарының алғашқы өнімі пісіп те үлгерген.

қауын жинап жатқан тұрғындар
Қауын жинап жатқан тұрғындар. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Соңғы 15 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан жетісайлық шаруа Әл-Фараби Күзенбаев Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 50 гектар жеріне қауынның "Нұр-Бакинка" және "Дампера" сорттарын ексе, 250 гектарына мақта шитін сепкен.

қауын жинап жатқан тұрғындар
Қауын жинап жатқан тұрғындар. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Қожалық төрағасы ерте көктемде отырғызған көшеттері жоспардағы 65 күнде емес, 70 күнде дайын болғанын айтады.

піскен қауын
Піскен қауын. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Енді сұранысқа сай Ресей Федерациясына 100 тонна қауынды экспорттап жатыр.

өнімді тиеп әкетіп бара жатқан трактор
Өнімді тиеп әкетіп бара жатқан трактор. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

"Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл ертелеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Алғашқы өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Ешқандай делдалсыз егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жіберіп жатырмыз", - дейді Әл-Фараби Күзенбаев.

ертке піскен қауын
Ертке піскен қауын. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Шаруа орта есеппен гектарынан 400 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.