jitsu gif

Алматыда үш жыл ішінде 50-ден астам білім беру нысаны жаңартылып, оқушы орындарының тапшылығы азайды

Мектеп сыныбы
Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2022 жылдан бастап 50-ден астам білім беру нысаны салынды және жаңғыртылды. Олардың қатарында 7 балабақша, 47 мектеп және 4 оқушылар үйі бар.

Қазіргі уақытта тағы 47 білім беру нысанының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр: 7 балабақша, 37 мектеп (оның ішінде 21 мектеп "Жайлы мектеп" жобасы аясында), 2 колледж, 1 мамандандырылған "Жанұя" интернаты.

Аталған жобалар жүзеге асқаннан кейін оқушы орындарының тапшылығы шамамен 5 мың орынға дейін қысқарады. Қала мектептері біртіндеп бір ауысымды оқу форматына көшіп жатыр.

Ерболат Досаевтың бастамасымен "Мектеп автобусы" жобасы сәтті іске асырылды. Оның арқасында 16 мыңнан астам оқушы қала шетінде орналасқан шағын аудандардан мектептерге ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдайда қатынау мүмкіндігіне ие болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.