jitsu gif

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жаңа арал пайда болды

Каспий теңізі жағалауы
Каспий теңізі жағалауы. Фото: Antoine Gyori/AGP/Corbis via Getty Images

Табиғат қорғаушылар бірнеше жылдан бері 5 елге ортақ Каспий теңізінің тайыздануына байланысты дабыл қағып келеді. Ал жақында су айдынының солтүсік бөлігіне таяу маңнан аралдың пайда болғаны хабарланды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институтының ғалымдары ресми сайтында ақпарат таратты, деп хабарлайды Kazinform.

Ғалымдар арнайы экспедиция кезінде Солтүстік Каспийде жаңа аралдың пайда болғанына көз жеткізген. Ол Малый Жемчужный аралынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан.

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: ocean.ru / Ресей ғылым академиясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институты

"Каспий теңізінде жаңа арал табылды. Бұл – Каспий теңізінің тайыздануының тағы бір дәлелі. 2024 жылдың қарашасында түсірілген спутниктік суреттерде "Средняя Жемчужная" жағалауының құрғағаны байқалды. Бұл теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты пайда болған жаңа жер екенін растау енді ғана мүмкін болды", - делінген ақпаратта.

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: ocean.ru / Ресей ғылым академиясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институты

Экспедиция мүшелері әуе кемесімен аралға жақындаған. Алайда судың таяздығы мен ауа райының құбылуына байланысты қона алмаған. Ал квадрокоптермен түсірілген фотосуреттерден аралдың сұлбасы анық көрінеді.

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: ocean.ru / Ресей ғылым академиясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институты

"Ғалымдар биогидрохимия, гидробиология және теңіздегі құбылу динамикасына қосымша зерттеулер жүргізу үшін аралдың маңындағы солтүстік таяз суда шамамен 0,4 м тереңдікте арнайы станция құрды. Қазір арал судан сәл ғана жоғары көтеріліп тұр. Бірақ теңіз суының ең төменгі деңгейінде айтарлықтай байқалады. Беткейі құмды жоталары бар тегіс, ылғалды, әрі жазық. Жақын арада ғалымдар жаңа аралдың бастапқы сипаттамасын аяқтап, оның географиялық атауына қатысты ұсыныстарын ортаға салады", - деп нақтылаған ресейлік ғалымдар.

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Фото: ocean.ru / Ресей ғылым академиясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институты

Ғалымдардың пікірінше, Каспий теңізінің деңгейі төмендей берсе, арал аумағы кеңеюі мүмкін. Сөйтіп сирек кездесетін құстар мен Каспий итбалығының жаңа мекеніне айналады деген болжам жасалып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.