jitsu gif

Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн жауын-шашынсыз әрі жылы болады

Субұрқақ
Субұрқақ. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" синоптиктері бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан мегаполистерінде бүгін жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауаның орташа температурасы 19 градусқа жетеді. Күндіз күн 23-25 градусқа дейін жылынады, ал түнде ауа температурасы 12-14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с-қа дейін үдейді;

Астанада күн ашық болады. Ауаның орташа температурасы 22 градусқа дейін жетеді. Күндіз сынап бағанасы 26-28 градусты көрсетсе, түнде 14-16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,7 м/с-қа дейін үдейді;

Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 25 градус болады. Күндіз ауа температурасы 32-34 градусқа дейін ысиды, ал түнде 15-17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,8 м/с-қа дейін жетеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.