jitsu gif

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот отырысы: онлайн-трансляция

судья
Сот залынан кадр: Жоғарғы соттың Youtube-тегі арнасы

Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Сот процесі жарыссөз кезеңінде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр. Кешегі жарыссөзде прокурор Дана Сәрсенбай оларды 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Атап айтқанда:

Абзал Шынасылға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 99-бабы 2-бөлігінің 5, 9, 14-тармақтарының бойынша – 20 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары бойынша – 15 жыл бас бостандығынан айыру; 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;

Равиль Сакиевке Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармағы бойынша – 15 жыл бас бостандығынан айыру; 58-бабының 4-бөлігі бойынша жазаны ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;

Азамат Тоқтаубаевқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 188-бабының 1-бөлігі бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 3-бөлігі бойынша – 9 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 6-бөлігі негізінде (Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы Талғар аудандық сотының 17.10.2024 жылғы үкімі) жазаларды ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;

Нұрқияс Ильясовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, 60-бабына сәйкес ( Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы, 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармағы бойынша 2,6 жылға бас бостандығын шектеу туралы Талғар аудандық сотының 04.04.2024 жылғы үкімі) жазаны ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып 9 жылға бас бостандығынан айыруды түпкілікті тағайындауды.

Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев және Дидар Қалиахметке әрқайсысына Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;

Кәмелетке толмаған сотталушыға Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша – кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.