jitsu gif

Енді 14 жастан асқан жасөспірімдер ресми түрде жұмыс істеп, еңбекақы ала алады

жасөспірім
Жасөспірім. Иллюстрациялық фото: cristinairanzo/Getty Images

1 маусымнан бастап елімізде оқушылар мен студенттерге арналған қоғамдық жұмыс бағдарламасы іске қосылды. Енді 14 жастан асқан жасөспірімдер ресми түрде жұмыс істеп, еңбекақы ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 маусымнан бастап елімізде оқушылар мен студенттерге арналған қоғамдық жұмыс бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастамаға Шымкент қаласында қызығушылық жоғары. Мегаполисте санаулы күн ішінде 200-ден астам жас жұмыс істеуге ниет білдіріп, өтінім тапсырған. 

"Жұмыс іздеп келдім, табылады деп ойлаймын", – деді оқушы Салтанат Тайманова.

Жастардың жұмысқа орналасуы үшін ата-анасының жазбаша рұқсаты қажет. Құжаттар оқушының тұрғылықты жері бойынша аудандық мансап орталықтарында қабылданады. Жолдамалар да сол мекенжайға сәйкес берілмек.

Айта кетейік, бағдарлама тек жаз айларында жүзеге асады.

"Оқушылардың оқу кестесіне, денсаулығына зиян келмейтін, ауыр көтермейтін,  көмекші жұмыстар беріледі. Олардың айлықтары 85-90 мың теңге арасында болады", – деді Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы Амангелді Қонарбай.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.