jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Атырауда кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды

кісен және ақша
Кісен және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазады басылым.

Сондай-ақ басылым басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін мәлім етті.

Атырауда кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.