jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыда Көкжайлау шатқалына барған жасөспірімдер адасып кетті (видео)

Жайлау көрінісі
Тау баурайына тігілген киіз үйлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан жасөспірімдерге көмектесті. Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (2200 м) серуендеп жүрген 17 жастағы үш жасөспірім жаңбырдың салдарынан таудан түсу кезінде бағыттан адасып, көмекке жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Бүгін Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (2200 м) серуендеп жүрген 17 жастағы үш жасөспірім жаңбырдың салдарынан таудан түсу кезінде бағыттан адасып, 112- ге көмекке жүгінді.

Геолокация деректері бойынша оқиға орнына дереу аттанған ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жаяу іздеу жұмыстарын бастап, көп ұзамай жоғалғандарды тапты.

Медициналық көмек қажет болмағанымен, кәсіби әрі жедел әрекеттердің арқасында жасөспірімдер қауіпсіз түрде төменге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Алматыда Көкжайлау шатқалына барған жасөспірімдер адасып кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.