Өткінші жаңбыр мен аптап ыстық: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Астана, Алматы мен Шымкенте 9 маусымда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с-қа дейін үдейді.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 10,2 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2253294-otkinshi-zhangbyr-men-aptap-ystyq-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/