jitsu gif

LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жеткізілді (видео)

LTR вагоны
LTR вагоны. Видеодан кадр: t.me/astana_newss

Елордаға LRT-ның алғашқы жылжымалы құрамы жеткізілді. Құрамдар арнайы жабдықталған автотралдармен әкелінді. Олардың әрқайсысы төрт вагоннан тұрады, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Вагондар Қытайдың Таншань қаласында шығарылған. Оларды автокөлікпен жеткізу Қытай мен Қазақстан аумақтары арқылы өтетін, ұзындығы 5 300 км-ден асатын маршрут бойынша жүзеге асырылған және 10 күнге созылған.

Автотрал платформаларына секцияларды тиеу тікелей өндіруші зауыттағы крандардың көмегімен жүзеге асырылған. Маршруттың барлық кезеңінде жүктердің бекітілуі мен қатаң қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген.

Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталған, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді: есіктердің автоматты түрде ашылып-жабылуы, тоқтау және жылдамдату, депоға кіру және шығу, құрамдардың жағдайын бақылау, сондай-ақ пойыздар арасындағы қашықтықты қадағалау.

Құрамдар толықтай автоматтандырылған, басқару жүйесі жүргізушісіз жүзеге асырылады және операторлар тарапынан үнемі бақылауда болады.

Аталған құрамдарды өндіру барысында заманауи, жеңіл және берік материалдар қолданылған. Бұл шешім жолаушылар үшін қолайлы динамикалық сипаттамалар мен жоғары деңгейдегі акустикалық жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрамдардың жалпы техникалық параметрлері:

  • Ұзындығы – 59,97 м, ені – 2,8 м, биіктігі – 3,8 м;
  • Қуат көзі түрі: үшінші рельс, 750 В;
  • Сыйымдылығы: 600-ден астам жолаушы;
  • Ең жоғары жылдамдығы: 80 км/сағ;
  • Орташа пайдалану жылдамдығы: 39,5 км/сағ;
  • Салмағы: 94 т (жолаушыларсыз).

"Вагондарды сатып алу және тасымалдау EPC-келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады, яғни жеке бюджеттік қаржыландыру бөлінбейді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Таншань қаласынан Астанаға LRT вагондарының алғашқы екі құрамы жөнелтілгенін хабарлаған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.