jitsu gif

Белгілі жазушы, публицист Мақсот Ізімұлы өмірден өтті

Мақсот Ізімұлы
Мақсот Ізімұлы. Фото: facebook.com/maksat.taz.murat

Белгілі журналист, жазушы, публицист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Белгілі жазушы, публицист, аудармашы Мақсот Ізімұлы 2025 жылы 9 маусымда 65 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Марқұммен қоштасу рәсімі 2025 жылы 10 маусым сағат 10-00 де Жазушылар одағының ғимаратында (Абылай хан даңғылы, 105 үй) өтеді", - делінген жазушылар одағының Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Егемен Қазақстан басылымының жазуынша, Мақсот Ізімұлы ұзақ жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек еткен.

Ол "Орал өңірі", "Ана тілі", "Теміржолшы – Железнодорожник", "Аруана" сынды басылымдарда, сондай-ақ "Зерде", "Жалын" журналдары мен "Қазақ энциклопедиясы" редакциясында қызмет атқарған. "Арыс" баспасының бас редакторы және "Астана ақшамы" газетінің әдеби редакторы болған.

Мақсот Ізімұлы "Аяқталмайтын әңгіме" және "Бедеріндей кестенің" атты прозалық жинақтардың авторы. 2004 жылы оның шығармасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жарық көрген "Нарық нақыштары" антологиясына енген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.