jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанның ірі қалаларында әуежайдан орталыққа қатынайтын түнгі автобустар іске қосылады

Автобус
Автобус. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның ірі қалаларында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған.

Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе.

Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады.

"Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет", - делінген хабарламада.

Қазақстанның ірі қалаларында әуежайдан орталыққа қатынайтын түнгі автобустар іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.