jitsu gif

Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды

LRT құрамы
LRT құрамы. Фото: instagram.com/cts_kz

Жақында Астанаға жеткізілген LRT вагондары арнайы техника көмегімен рельстерге орнатылды. Мамандар көлік құрамын биыл күзге жоспарланған сынақ жұмыстарына дайындап жатыр, деп хабарлайды City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық көлік жүйесі өкілдерінің мәліметінше, №101 станцияда екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді. Құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өткен.

Олардың айтуынша, құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі. Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.

"LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз", - деді City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Еске сала кетейік, 9 маусымда елордаға LRT-ның алғашқы жылжымалы құрамы жеткізілді. Құрамдар арнайы жабдықталған автотралдармен әкелінді. Олардың әрқайсысы төрт вагоннан тұрады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.