"Маған бір тиын керек емес": Шерзат Болаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек
Опубликовано:

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандар түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне беруге ниеттеніп отырғанын жеткізді. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Адвокаттың айтуынша, Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай бастапқыдан-ақ қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпағанын, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұраған.
"Қаржайбау - адал азамат. Басында "баламды олар қараламасыншы" деп келген еді. "Маған бір тиын қажет емес, қылмыспен келген ақша"деді. Ақша түсетін болса, оны балалар үйіне немесе басқа жерге аударамын", - деді. Мен оның құшақтағанынан-ақ бауырмашылдығын көрдім", - деді ол.
- Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме
- Шерзат Болат ісі: сот отырысының онлайн-трансляциясын 40-тан астам ел көрген
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2254911-bul-qylmyspen-kelgen-aqsha-sherzat-bolattyng-akesi-sottalgandardan-tusetin-qarzhylai-otemaqyny-balalar-uiine-bermek/