jitsu gif

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме

Шерзат Болат
Шерзат Болат. Фото: instagram.com/kris.p.karasai

Бүгін мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан қандай баптар бойынша сотталғандар рақымшылықтан үмітті бола алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутаттың сөзінше, мұндағы жалғыз шарт, егер жеке тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол адам өліміне әкеп соқса, оларға рақымшылық жасалмайды.

"Адам өліміне әкеп соққан қылмыс болғандықтан оған рақымшылық актісі қолданылмайды", - деді депутат.

Журналистер одан "Ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы туралы хабарламау" бабы бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме деп, сұрақты нақтылады.

"Қылмысты хабарламау – ол 434 бап. Сондықтан ол (рақымшылыққа - ред. ескертпесі) жатады. Заң жобасының 4-бабында қандай баптар бойынша рақымшылық қолданылмайтыны көрсетілген. Егер ол қылмыстың ауыр және аса ауыр түрі болса, сотталғандар бостандыққа шықпайды, мерзімі қысқартылады", - деп түсіндірді Абзал Құспан.

Еске сала кетейік, 5 маусымда судья Ержан Жанұзақов Шерзат Болаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды. Сотталғандардың қатарында қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған азамат та бар, ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.