Нөсер жауын, бұршақ: демалыс күндері еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді
Опубликовано:

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағына циклондардың жылжуы тоқтамай тұр.
Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, соның әсерінен еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын мен найзағай күтіледі.
15-16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, ауа температурасы төмендейді.
Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2255142-noser-zhauyn-burshaq-demalys-kunderi-elimizding-batys-ongirlerinde-aua-temperaturasy-tomendeidi/