jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Балаларды лагерьге апара жатқан": Алматыда мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды

Автобус
Автобус. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда полиция мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісін ұстады. Ол лагерьге балаларды апара жатқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның хабарлауынша, әл-Фараби даңғылында Алматы облысындағы лагерьге балаларды тасымалдап бара жатқан шағын автобустар колоннасының қозғалысын бақылау кезінде полицейлер деректі анықтаған.

"Балалар отырған көлікті басқарған жүргізушілердің бірінде алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Наркологиялық сараптаманың нәтижесі ағзада алкоголь барын растады. Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті, автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, материалдар заң аясында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.