"Қосымша пысықталады": үкімет басшысы "Тұлпар күні" ұлттық мерекесін бекіту ұсынысына жауап берді
Опубликовано:

Қазақстанда "Тұлпар күні" арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Тұлпар күні" арнайы мерекесін бекітуге келетін болсақ, тиісті нормативке маусым айының екінші жексенбісі кәсіби мереке Малшылар күні ретінде белгіленгенін (Еңбекминінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығы) хабарлаймыз.
Аталған мереке жылқы шаруашылығы саласының мамандарын қоса алғанда, мал шаруашылығы саласының барлық қызметкерін қамтиды. Ағымдағы жылы осы мереке аясында саланың шамамен 200 қызметкері, оның ішінде жылқы шаруашылығының 30 маманы марапатталды.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 11 шілде күні ұйымға мүше мемлекеттерде Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі. Осыған байланысты "Тұлпар күні" арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталатын болады", - делінген үкімет басшысының жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай премьер-министр Олжа Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында еліміздегі жылқы шаруашылығына қатысты бірқатар мәселе көтеріп, "Тұлпар күні" ұлттық мерекесін ресми түрде бекітуді ұсынған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2258829-qosymsha-pysyqtalady-ukimet-basshysy-tulpar-kuni-ulttyq-merekesin-bekitu-usynysyna-zhauap-berdi/