jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандық әуекомпаниялар Дубай мен Дохаға бірнеше рейсті тоқтатты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпаниялардың рейстерді уақытша тоқтатуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылды. Мәжбүрлі шаралар қару қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды", - делінген хабарламада.

Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:

  • Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
  • Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
  • Ирак, Иордания, Ливан – зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшуларды уақытша шектеу;
  • Кувейт, Бахрейн, БАӘ – рейстерді шектеу және тоқтату, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттарды бұғаттау.

Министрліктің мәліметінше, Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada сынды ірі халықаралық әуетасымалдаушылар да Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатқан.

"Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып, ұшуды жалғастыруда. Осыған байланысты қазақстандық әуекомпаниялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты", - делінген хабарламада.

Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер еткен (елімізден шетелге шықпақшы адам саны – 683, шетелден елге оралатын адам саны – 1051).

Министрлік өкілдері қазақстандық әуекомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара екенін атап өтті.

"Әуекомпаниялары қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат – жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар ыстық тамақпен, қонақ үй және трансфермен қамтамасыз етілді. Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады.

Көлік министрлігі әуекомпанияларымен бірлесіп жағдайды жіті бақылауда, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдап, кестені қайта қарау жұмысы жүргізіледі. Рейстер жақын арада қайта жүзеге асырала бастайды деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласу қажет:

Air Astana

  • help.airastana.com
  • +7 727 244 4477 (24/7);
  • +7 7172 584477 (24/7);
  • +7 702 702 4477 (24/7);
  • +7 7272 44 44 78 (24/7);
  • WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)Online chat: airastana.com (24/7).

SCAT

  • +7 7252 99 88 80;
  • +7 701 738 25 76.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі

+7 7172 79 82 15.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.