jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Бұл шектеу емес, қорғаныс": Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Қайсар Сұлтанбаев
Қайсар Сұлтанбаев. Кадр: polisia.kz

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көпшілікке үндеу жасады. Ішкі істер министрлігі өкілі жол қозғалысына қатысушыларды заңға бағынып, тәртіпті сақтауға шақырды, деп хабарлайды polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында хабарланғандай, жолдағы тәртіп бұл тек ереже емес, бұл — адамның өмірі.

"Әрқайсымыз — жүргізуші, жаяу жүргінші, ата-ана бұған жауаптымыз. Себебі жолда әр адамның артында тұтас отбасы, жақындары, тағдыры тұр. Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығының саны екі есе азайды. Бұл — қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат — адам өлімін мүлде болдырмау. Бірде бір жан жолда қаза таппауға тиіс", - дейді Сұлтанбаев.

Осы орайда ол тұрғындарды қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға шақырды:

  • жылдамдықты асырмаңыз;
  • мас күйде көлік жүргізбеңіз;
  • жастарға үлгі болыңыз;
  • өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз.

"Тәртіп — бұл шектеу емес, бұл қорғаныс. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды. "Заң мен тәртіп" қағидаты жай ұран емес, бұл — әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты. Заңға құрмет — қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол — ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.