jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Антикор: Астана LRT-ның бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі қайта қаралуы мүмкін

Астанадағы LRT құрылысын салуға тұрғызылған бағаналар
Астанадағы LRT бағаналары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Астана LRT-ның" бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркиядан Қазақстанға жеткізілгеннен кейін оған қатысты қылмыстық іс қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

"Сот үкімімен сырттай 11 жылға сотталды. Қазір Бас прокуратура экстрадициялаумен айналысып жатыр, Қазақстанға қайтарылған жағдайда, ол сот үкімімен танысады. Танысқан соң 15 күннің ішінде аппеляциялық шағым түсіретін болса, қайта қаралуы мүмкін", — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл мамырда Бас прокуратура "Астана LRT-ның" бұрынғы басшысы Талғат Арданның Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланатынын хабарлады.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда елордада салынбай қалған "Астана LRT" құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот үкімімен Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков 7 жылға сотталды.

2024 жылы қарашада LRT экс-басшысы Талғат Арданға қатысты жаңа үкім шықты. "Астана LRT" бойынша іс сотқа 2020 жылы қазанда жолданды.

Антикор: Астана LRT-ның бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі қайта қаралуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.