jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астана күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

ХҚКО "Азаматтарға арналған үкімет"
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Азаматтарға арналған үкімет" Астана күніне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

"Бұл ретте, сенбі, 5 шілде – кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады", - делінген хабарламада.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады

Астана күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.