jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

4 млн теңгеге жуық сыйақы: елімізде "Үздік педагог" байқауы басталды, оған қалай қатысуға болады

балаларға глобусты түсіндіріп жатқан мұғалім
Мұғалім. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда ұстаздарды қолдау мақсатында "Үздік педагог" байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.

Жарысқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  • 1-кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-25 шілде);
  • 2-кезең – облыстық деңгей (28 шілде- 15 тамыз);
  • 3-кезең – республикалық деңгей (18 тамыз – 18 қыркүйек).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, "Үздік педагог" Республикалық конкурсы – 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау.

"Үздік педагог" атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Олар – балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері.

Байқауға қатысу туралы қосымша ақпаратпен Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан танысуға болады.

4 млн теңгеге жуық сыйақы: елімізде "Үздік педагог" байқауы басталды, оған қалай қатысуға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.